Батыс Қазақстан облысының аумағында болған авиациялық оқиға фактісі бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысының аумағында болған авиациялық оқиға фактісі бойынша ақпарат

23 ақпанда сағат 15:38-де Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүрлі болғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Қатты екпінмен қону нәтижесінде ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапты.

Бортта 6 адам - 5 экипаж мүшесі және "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 1 өкілі болды.

Экипаждың екі мүшесі зардап шекті, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде.