Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан ТЖМ құтқарушылары

Ефремов Евгений Сергеевич - Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі.

Азаматтық қорғау старшинасы Евгений Ефремов 2011 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етеді. 2018 жылдан бастап Көкшетау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі болып жұмыс істейді. Ол спорттық туризм бойынша спорт шеберінің кандидаты.

Евгений Сергеевич үнемі кәсіби деңгейін көтеру үшін жұмыс істейді, өрт-техникалық қару-жарақтың тактикалық-техникалық мүмкіндіктерін зерттеп, өртте шебер қолданады.

Газиантеп қаласында тұрғын үйлер мен ғимараттардың үйінділерінен адамдар мен денелерді блоктан шығару, сондай-ақ құтқару гидравликалық құралдары мен жабдықтары арқылы үйінділерді тазарту бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған, сондай-ақ ведомстволық наградалары бар.

Қамат Қалымбекұлы Баязитов - Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі.

Азаматтық қорғау старшинасы қамат Қамат Баязитов 2010 жылдан бастап ТЖМ қатарында. 2022 жылғы шілдеден бастап Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі лауазымында.

Түркия Республикасының Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.

Ведамстволық наградалармен марапатталған.

Жоламанов Айдын Қарақоржынұлы - Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

Қызметті 2001 жылы өрт сөндіруші құтқарушы лауазымынан бастаған және қазіргі уақытта бөлімшенің басшысы болып табылады. Азаматтық қорғау майоры Айдын Жоламанов жұмыс істеген жылдары әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Түркия Республикасының Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Іздеу-құтқару жұмыстарына қатысты.

Қызмет еткен жылдары әртүрлі дәрежедегі өрттерді сөндіруге, авариялық - құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге бірнеше рет басшылық етті, сонымен бірге жарғы талаптарын жақсы білетіндігін, жеке жанқиярлығын, адамдарды құтқару және өрттерді жою бойынша қойылған міндеттерді орындауға жеке құрамды ұйымдастыра білетіндігін көрсетті.

Газиантеп қаласында тұрғын үйлер мен ғимараттардың үйінділерінен адамдар мен денелерді блоктан шығару, сондай-ақ құтқару гидравликалық құралдары мен жабдықтары арқылы үйінділерді тазарту бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге қатысты.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "ерігі үшін" медалімен марапатталған, сондай-ақ ведомстволық наградалары бар.

Салихов Темірлан Сәрсенбайұлы - Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. 

Азаматтық қорғау сержанты Темірлан Салихов азаматтық қорғау органдарында 2015 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді. 2022 жылғы наурыздан бастап Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші құтқарушысы лауазымында. Ол кикбоксинг пен Ушу-сандадан спорт шеберінің кандидаты.

Түркия Республикасы Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Ведомстволық наградалармен марапатталған.

Өмірбеков Дархан Саматұлы - Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.

Азаматтық қорғау сержанты Дархан Өмірбеков еңбек жолын 2015 жылы ТЖМ қатарында бастады. 2017 жылдан бастап Көкшетау қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші құтқарушысы болып жұмыс істейді.

Жұмыс істеген жылдары әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысты. Түркия Республикасы Газиантеп қаласында болған жойқын жер сілкінісінен кейін іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты.

Ведомстволық наградалармен марапатталған.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі