Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ересектердің қарауынсыз қалған үш кәмелетке толмаған баланы құтқарды

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері ересектердің қарауынсыз қалған үш кәмелетке толмаған баланы құтқарды

2023 жылғы 18 ақпанда сағат 18.15-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында «Аманат» мал базарының сыртқы жағында арық желісі арқылы еріген қар суы тасып, алаңды су басуы салдарынан кәмелетке толмаған үш ер бала елді мекеннен жырақта қалғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына дереу ТЖ департаментінің қызметкерлері жіберілді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін балалардың алаңда ойнап жүріп, еріген қар суының көтерілуі салдарынан үйлеріне өздігінен орала алмағаны анықталды.

Жамбыл ауданы ТЖБ қызметкерлері мен техникасының күшімен балалар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Балаларға медициналық көмек қажет болмады.

Алматы облысының ТЖД ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі