Елордалық құтқарушылар қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды

Елордалық құтқарушылар қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды

17 ақпанда елордалық құтқарушылар дәстүр бойынша қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды. Осы күні қаза болғандарды еске алу құрметіне «Құтқарушылар» саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

13 жыл бұрын астаналық гарнизонда орны толмас қайғы орын алды-үш қызметкер өрттен оралмады. Қайғылы жағдай орын алды. Алдымен бір өрт сөндіруші жоғалып, сол жоғалған қызметкерді іздеуге кеткен содан кейін 2 адамнан тұратын буын қайтып келмеді. Бұл оқиға 2010 жылдың ақпан айында болған, елордада бұрынғы бомбопана ғимараты өртенген болатын.

Валерий Михайлович Зайцев – елордада қиын және ауыр өрттерге шыққан. Полковниктің өзі жауынгерлік киімді киіп, өрт ошағына кіріп кететін көріністі жиі көрмейсін. Сол күні Валерий Михайлович орын алған оқиға орнын жіті қарап, мән-жайды анықтау және әріптесін құтқару үшін өртке өзі шыққан болатын. 

Саят Сапарбекұлы Абеевтың ерліктерінің қатарында ірі өрт оқиғалары, бірнеше құтқарылған өмірлер бар. Ол басқалардың өмірін өзінікінен жоғары қоятын. Өртте оның бүкіл ойы мен іс-қимылы адам өмірін құтқару және өртті жеңуге бағытталатын.

Руслан Қожахметұлы Кәкішев өмірінің соңғы минутына дейін қызметтік міндеттерін орындауға адал болды. Өзінің өмірін қатерге тігіп, жеке құрамды қорғады. Соңғы уақытқа дейін жігерлік танытып, өртпен күресті.

Құтқарушылар әріптесі Асқар Забикулинді еске алды. 2022 жылдың қараша айында елордалық биік қабатты үйдің бірінде өрт болып, адамдарды құтқару кезінде өз өмірін қатерге тігіп, елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин ерлікпен қаза тапты.

Асқар Забикулин әрқашан өзінің ержүректілігімен, батылдығымен және өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Жұмысқа үлкен құрметпен және жауапкершілікпен қарады, жоғары сынып маманы болды.

Гарнизон басшылығы, қызметкерлері, АҚО ардагерлері, сондай-ақ еске алу шарасына келгендердің барлығы қаза болғандарды еске алу үшін ерлікпен қаза тапқан батырларымыз қызмет еткен өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері де еске алып, гүл шоқтарын қойды. 

Олардың мейірімді, жарқын бейнелері естелік болып біздің жүрегімізде мәңгі қалады..

https://fb.watch/iMb8AzCQZe/

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі