Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан ТЖМ құтқарушылары

Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан  ТЖМ құтқарушылары

Дүйсебаев Бейсенғали Берікұлы - бас құтқарушы

2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағында сүңгуір-құтқару бөлімшесінің маманы болып жұмыс істейді. Бұған дейін Алматы қаласы ТЖД су-құтқару қызметінде жұмыс істеген. 3 сыныпты сертификатталған сүңгуір.

Қазіргі таңда Газиантеп қаласында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысуда. 

2014 жылдың маусым айында Алматы облысында Іле өзенінде іздеу-сүңгу жұмыстарына, 2015 жылы Алматы қаласында Наурызбай ауданында сел тасқынының салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына,                    2016 жылдың қаңтар айында Шымбұлақ тау шаңғысы курортында Польша азаматының іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, 2017 жылы Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайын жоюға белсене қатысты. Бұл ретте ол батылдық танытып, сондай-ақ адамдардың өмірін құтқару мақсатында жағдайды бағалай отырып, қысқа мерзімде батыл шешімдер қабылдай алатын қабілетін көрсетті. Сонымен қатар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Усимов Данияр Арғынұлы – бас құтқарушы

2017 жылдан бастап ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағында автокөліктерге, жүзу құралдары мен жабдықтарға қызмет көрсету бөлімшесінің маманы болып жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Газиантеп қаласында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысуда.

Жұмыс істеген кезеңде 3000-нан астам биіктіктегі тауларда, қар көшкіні кезінде, күрделі метеорологиялық жағдайларда іздестіру-құтқару операцияларына қатысты.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын жоюға, 2019 жылы Тараз қаласындағы тұрғын үйде газ жарылысының салдарын жоюға белсене қатысты.

«Құтқарушылар үшін табиғи немесе техногендік апаттың қай жерде болғаны маңызды емес, себебі біз әрқашан дереу көмекке келеміз. Төтенше жағдайларда жағдайды дұрыс бағалау және адамдардың өмірін сақтау үшін дұрыс шешім қабылдау қажет. Сол себепті қандай қиын жағдайларда, дәл осындай ауыр жұмыс істеу біздің жұмысымыздың ерекшелігі болып табылады», - деп атап өтті Данияр.

Байқұлов Біржан Мұратұлы - бас құтқарушы

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағындағы еңбек жолын 2016 жылы бастаған.

Қазіргі уақытта Газиантеп қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыс барысында түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысты. 2015 жылдың тамызында таулардағы Үлкен кілт шатқалының сол жақ Талғарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына, 2016 жылдың қаңтарында Шымбұлақ тау шаңғысы курортында Польша азаматын құтқаруға, 2016 жылдың сәуір айында Қаскелең шатқалында туристерді құтқаруға қатысты. Сондай-ақ 2017 жылы Қызылорда және Ақмола облыстарындағы су тасқыны жағдайын жоюға, 2019 жылы Тараз қаласындағы тұрғын үйдегі газ жарылысының салдарын жоюға қатысты.

 

Дамен Серік Әділханұлы - бас құтқарушы

Университетті бітіргеннен кейін, ойланбастан ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына жұмысқа келді.

Қазіргі таңда Түркия мемлекетінің Газиантеп қаласында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

5 жыл бойы түрлі ТЖ салдарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына, іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысуда. 2018 жылы Тараз қаласындағы тұрғын үйдегі газ жарылысының салдарын жоюға, 2020 жылы қиын климаттық жағдайларда 1800 метр биіктікте тауларда адасқан туристерді құтқару операциясына қатысты. Дамен төтенше жағдайларда өзін батыл құтқарушы ретінде көрсетеді.

 Ысқақов Тахиржан Рахметжанұлы - бас құтқарушы

2017 жылдан бастап ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесінде жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта өз әріптестерімен бірге Газиантеп қаласында іздеу-құтқару жұмыстарына қатысады.

Жасақта жұмыс істеген уақытында Алматы облысының Қызылағаш кентіндегі күрделі метеорологиялық жағдайларда су қоймасының төгілу салдарын жоюға, Алматы облысындағы Фокер-100 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезіндегі ірі ұшақ апатының салдарын жоюға қатысты, көшкін түсу кезінде Кіші Алматы өзеніндегі сел ағынының салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізді. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын жоюға белсенді қатысып, батырлық пен батылдық танытты. Сондай-ақ адамдардың өмірін сақтау мақсатында жағдайды бағалау және қысқа мерзімде тиімді шешімдер қабылдау қабілетін көрсетті. Ведомстволық наградалармен марапатталған.                                         

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі