Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмек жіберді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

Гуманитарлық көмекті жөнелтуге Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр М. К. Пішембаев қатысты.

Гуманитарлық жүктердің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді.

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберілетін болады.

Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі