Қарғалы ауданы Петропавл ауылында жеке үйде газ баллоны жарылды

Қарғалы ауданы Петропавл ауылында жеке үйде газ баллоны жарылды

2023 жылғы 7 ақпан күні  сағат 12:45-те Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы, Петропавл ауылында, Гагарин көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны бойынша 112 құтқару қызметіне ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына 2 құтқарушымен 1 бірлік техника жіберілді.

Оқиға орнына құтқарушылар барған кезде  жеке тұрғын үйде 5 литрлік газ баллонының, газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан,  үйдің қабырғалары бүлініп, өрт шыққаны анықталды.

Үй иелерінің көршілері өртті құтқарушылар жеткенше өз күштерімен сөндіріп үлгерген.

Жарылыс салдарының себебі: толтырылған газ баллонды салқын жерден жылы жерге (жылы еденге) кіргізу кезінде  газ ауа қоспасының көбеюі салдарынан орын алған.

Жарылыс салдарынан 1952 жылы туылған ер адаммен 1928 жылы туылған әйел адам облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбе облысы ТЖД ескертеді

Күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;

- баллонды суықтан жылуға енгізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, өйткені күрт кеңейту болып, жарылысқа алып келуі мүмкін;

- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы));

- баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;

- газ құралдарын қосу ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;

- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

- газ иісінің шығып таралып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтар тасып отты сөндірмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "101", "112"-телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз!

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы