Әрбір өрт сөндіруші батыр

Әрбір өрт сөндіруші батыр

Өрт сөндіруші мамандардың еңбегі шын мәнінде ерлікпен пара пар. Өрт әрқашан күтпеген жерден болуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болған адамдар көп жағдайда адасып, не істерін, қалай болу керектігін білмей жатады. Ал кәсіби өрт сөндірушілер тілсіз жау жағадан тап бергенде, ең алдымен өздерін, отбасы, бала-шағасын ойламай қызметі мен міндетін бірінші орынға қойып, алапат оттың арасынан адам өмірін арашалап қалуды ойлап тұрады.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің Мамандандырылған жасағы бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Жандос Құрабаев азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдың мамыр айынан бері қызмет етіп келеді.

Жандос жауынгерлік тәжірибесі бар, сауатты және шебер командир.Ол өзінің кәсіби дағдыларын күнделікті қызметте, сондай-ақ өрттерді және басқа да төтенше жағдайларды жоюда пайдаланып келеді.

Оның сауатты жұмысының бір мысалы 2023 жылдың 10 қаңтарында Қарағанды қаласында Республика даңғылының бойында болған өрт. Өрт 16 қабатты тұрғын үйден шыққан. Қоңырау шалған жерге жеткенде 8-қабаттағы пәтерден қою қара түтіннің қатты шыққаны анықталды. Түтінсіз баспалдақтардың балкон бөліктері әйнектелгендіктен, жанып жатқан пәтерден шыққан барлық жану өнімдері жоғары қабаттарға тарады. Пәтерлерден дүрбелең мен көмек сұраған айқайлар анық естіліп, бірінші келген бөлімшеден жылдам шешім қабылдауды талап етті.

Жағдай туралы алғашқы ақпаратты жеткізген Мамандандырылған жасақтың жеке құрамы жедел әрекетке кірісті. Басты мәселе адамдарды құтқару болды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 3 бөлімшесі құрылды, оның екеуі стационарлық баспалдақпен 8 және 9-қабаттарға көтерілді.

Бөлімше командирі Жандос Құрабаев ғимарат ішінде жұмыс істейтін бөлімшелердің бірін басқарды. Қатты түтін және нөлге жуық көріну жағдайында звеноның сауатты және жедел әрекетінің арқасында пәтерлердің бірінен үш баласы бар ана табылды. Құтқару қалпақтарын киген өрт сөндірушілер адамдарды таза ауаға шығарып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Бір секундқа тоқтаусыз келесі пәтерге өтіп, одан тағы үш ересек адам құтқару қақпақтарының көмегімен құтқарылды. Оларды әрі қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырған жауынгерлер жоғарыдағы түтін басқан пәтерлерден құтқару жұмыстарын жалғастырды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өртке қарсы қызмет гарнизонының бірлескен күшімен 48 адам құтқарылды, 82 адам эвакуацияланды, оның ішінде Құрабаев Жандос звеносы арқылы 7 адам (оның ішінде 3 бала) құтқарылды.

Оның кәсіби шеберлігінің тағы бір жарқын мысалы Қарағанды облысында 2022 жылғы өрт қаупі кезеңінде орын алған ірі табиғи өрт ошақтарын жою болды. Өңірде бір мезгілде орын алған көптеген өрттер бір мезгілде жоюға қажетті күштер мен құралдарды толық тартуға мүмкіндік бермеді. Қоянды және Нүркен-Әбдіров ауылдық округтерінің аумақтарында дала алабы өртенген кезде де солай болды. Құрабаев басқарған бір ғана өрт сөндіру бөлімшесінің басында халықпен және жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, жоғарыда аталған ауылдық округтердің дала өрттері үш ауданның шекарасында ауыздықталды.

Ол жүргізген жұмысты гарнизон басшылығы, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтарының басшылары, сондай-ақ кезекші ауысымның жеке құрамы бірнеше рет атап өтті. Оның басшы ретіндегі сауатты және шебер әрекеттері Шет ауданы әкімінің Алғыс хатымен бағаланды.

Азаматтық қорғау старшинасы Құрабаев Жандостың кәсіби және жедел іс-әрекетінің арқасында өрт және басқа да төтенше жағдайларда бір емес, бірнеше адам өмірі аман қалды.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі