БҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жалғастырылуда

БҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жалғастырылуда

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексеру барысында Киров-Шежін каналын қайта құру, Киров су қоймасын жаңғырту және Ветелка тоғанының жай-күйімен танысты.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі жауапты мекемелердің басшыларына су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жалпы, 2022 жылы облыс бойынша су тасқынына қарсы 80 іс-шара орындалды, нәтижесінде 20 км қорғаныс бөгеттері нығайтылды, 13 мыңнан астам км су бұру арналары және 17 су өткізу құбырлары орнатылды, сондай-ақ автожолдар мен су қоймаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жанар-жағармай материалдарының, құм салынған қаптардың, инертті материалдардың (18 мың тонна инертті материалдар, 56 мың қап, 80-ге жуық тонна ЖЖМ) қорлары дайындалды.

Құрамына үш мыңнан астам адам, 700-ден астам бірлік техника, 60 жүзу құралы және 260-тан астам мотопомпа кіретін күштер мен құралдар топтамасы дайындалды.

Жалпы облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты. Дайындық жұмыстары жалғасуда.

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі