29 қаңтар күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД кезекші қызметінің пультіне 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға Тұран ауданының 8 шағын ауданында орналасқан фитнес-клубта болды.
Құтқарушылар келгеннен кейін балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар белгілейді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Шымкент қаласының ТЖД бассейнде шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Балалар ересектердің бақылауында болуы керек. Егер сіз мықты жүзетін адам болсаңыз да, Сізге көмек қай уақытта қажет болатынын ешқашан болжай алмайсыз.
- Бассейн әр адам қаупсіздік ережелерін сақтаған кезде ғана қауіпсіз болады.
- Егер қандай да бір мәселе туындаса, ересектерге міндетті түрде хабарлаңыз. Ересектер сіздің жарақат алмағаныңызға және демалу кезінде толық қауіпсіз екендігіңізге көз жеткізуге міндетті.
- Ешқашан бассейннің айналасында жүгірмеңіз. Сіз тайғанап, жарақат алуыңыз мүмкін, сонымен қатар айналаңыздағылар еріксіз жарақаттауыңыз мүмкін.
Әрқашан сақ болыңыз! Балаларды бассейн аумағында және ішінде сақтық шаларын ұстануға үйретіңіз!
Шымкент қ. ТЖД Қоғаммен байланыс тобы