Алматы қаласының Медеу ауданындағы тауда орналасқан мейрамханадағы өрт туралы ақпарат

Алматы қаласының Медеу ауданындағы тауда орналасқан мейрамханадағы өрт туралы ақпарат

29 қаңтар күні сағат 5:30-да 101 пультіне Медеу ауданындағы тауда орналасқан мейрамхана иесінен (биіктігі 3200м, «Шымбұлақ» ТШК артқы жағындағы) мейрамхананың ашық жалынмен жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті

Өрт сөндіру техникасын биіктікке көтеру мүмкін болмағандықтан, жеке құрам функулёрмен көтерілді.  Өртті сөндіру жұмыстары объектілік сумен жабдықтау арқылы жүзеге асырылды.

Өрт сағат 08.05-те оқшауланып, сағат 08.30-да жойылды.

Өртті сөндіруге күштер мен құралдардың жетіспеушілігінің объективті себептеріне байланысты негізгі күштер оттың көрші объектілерге таралуына жол бермеуге бағытталды.

Қабылданған шаралардың арқасында «Шымбұлақ» ТШК гондольды жолына оттың таралуына жол берілмеді.

Өртті жою суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісінен жүргізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 800 шаршы метрді  құрады. Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды.

 

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі