Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы

2023 жылғы 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жыл ішіндегі жедел қызметтік жұмысты қорытындылады. Кеңейтілген кеңес облыс әкімі Нариман Турегалиевтің төрағалығымен өтті. Кеңеске облыс аумағында орналасқан ҚР ТЖМ ведомстволық бағынысты ұйымдары, Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылары қатысты.

Департамент бастығы Ернұр Өтегенов қызметтің жұмыс қорытындылары туралы баяндама жасай отырып, өткен жыл жеке құрам үшін оңай болмағанын атап өтті.  Күрделі су тасқыны, қыс және жылыту кезеңі, шомылу маусымының өтуі бұл жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың арқасында зардап шеккендердің санын едәуір азайтуға мүмкіндік туды. «Көктем-2022» РКШОЖ шеңберінде республикалық жедел штабтың жұмысын ұйымдастыру және тағы басқалар.

Ернұр Өтегенов: «Су тасқыны кезеңінде облыстың барлық басқару органдарының жедел іс-қимылы, көрші облыстардан қосымша күштердің уақтылы тартылуы нәтижесінде халық арасында құрбан болуға жол берілмей, ықтимал материалдық залал барынша азайтылды», - деп атап өтті.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы кезеңнен өту және алдағы су тасқынына дайындық, азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және жеке құрам үшін, яғни олардың әлеуметтік қорғалуын арттыру жөнінде министрліктің қабылдап жатқан шаралары жеке айтылды.

Департаментке келу барысында облыс әкімі дағдарыс жағдайында басқару басқармасы және күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының кезекшілер қызметтерінің жұмысымен танысты. Сонымен бірге, болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою бойынша жедел штабты ашу кезіндегі дағдарыс орталығының жұмысымен танысты.

Өңір басшысы жергілікті атқарушы органдар Департаментке заманауи техника және жабдықтармен жарақтандыру мәселелерінде тұрақты қолдау көрсететінін атап өтті. Мәселен, 2022 жылы Департаментке жергілікті бюджет қаражаты есебінен техника, жабдық және құлақтандыру құралдары сатып алынды. Ақсай қаласында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталу сатысында, Теректі ауданының Подстепное және Бәйтерек ауданының Переметное ауылында өрт сөндіру деполарының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Сондай-ақ, Нариман Төреғалиев өз сөзінде Департаменттің ардагерлері мен жеке құрамына алғысын білдіріп, бейбіт күні облыстың өрт сөндірушілері және құтқарушылары халықты түрлі төтенше жағдайдан қорғау бойынша өз борышын орындап, облыстың барлық салалардағы қауіпсіздігін қолдайтынын атап өтті.

Кеңес соңында облыс әкімі алдағы кезеңге су тасқыны мен өрт қауіпті кезеңдерге сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді белгіледі.

 

 

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі