ТЖМ жылу энергетикасы объектілеріндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі талқыланды

ТЖМ жылу энергетикасы объектілеріндегі  төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі талқыланды

Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтің төрағалығымен орталық және жергілікті атқарушы органдармен «Жылу энергетикасы объектілеріндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар аясында жылу энергетикасы объектілерінде ТЖ жою кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл мәселелері қаралды.

Семинар-кеңес барысында Екібастұз қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ жою тәжірибесі қаралды.

Талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың, ЖАО, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің өкілдері бейнеконференц-байланыс арқылы қатысты.

Аталмыш семинарды өткізу төтенше жағдайларды жою кезінде жедел және дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

  

ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті