Алматы облысы Есік қаласында газ жабдығының тарсылы бойынша ақпарат

Алматы облысы Есік қаласында газ жабдығының тарсылы бойынша ақпарат

2023 жылғы 18 қаңтар күні сағат 02:14-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы мекенжайы бойынша алдын ала тұрмыстық газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті.  

Оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша дереу күштер мен құралдар жіберілді.  

Шақырту орнына сағат 02:18-де келгеннен кейін тандыр наубайханасы қоймасының аумағында көлемі 50 л. тұрмыстық газ баллонын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты тарсыл пайда болып, кейіннен 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, 96 шаршы метр аумақта шатыр мен қабырға құлағаны анықталды.

Газ баллонының тарсылы нәтижесінде Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына Өзбекстанның екі азаматы екінші дәрежелі қолдары мен аяқтарының термиялық күйіктерімен ауруханаға жатқызылды.

Өрт сағат 02:32-де оқшауланып, сағат 02:38-де жойылды.

Шақырту орнында 5 қызметкер және 2 бірлік ТЖД техникасы, 2 қызметкер және 1 бірлік жедел медициналық жәрдем бригадасының техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысының ТЖД газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауды сұрайды:

- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау салмақтарымен, толып кеткен баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пункттерде ғана баллондарды толтыруға жүзеге асыруға болады;

— баллонды суықтан жылы жаққа кіргізуге, оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, себебі ол күрт кеңейіп, нәтижесінде жарылыс пайда болады;

- баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабылғанына көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың тығыздығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін қолдану арқылы);

— баллонды газ плитасына қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарымен бекітілген, ұзындығы бір метрден аспайтын арнайы (кездейсоқ емес) созылмалы резеңке шлангты пайдаланыңыз. Оның созылып кетуіне немесе қысылуына жол бермеңіз;

- газ құрылғыларын қосу ретін қадағалаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газды ашыңыз;

- тексерілмеген баллонды қолдануға болмайды;

- газдың ағып кетуіне жол бермеу үшін тамақ пісіру кезінде қайнаған сұйықтықтар отқа ағып ағып кетпейтінін қадағалаңыз. Оттықтарды үнемі тазалаңыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі