Алматы қаласы Жетысу ауданындағы қойманың өрт бойынша нақтыланған ақпарат

Алматы қаласы Жетысу ауданындағы қойманың өрт бойынша  нақтыланған ақпарат


15 Қаңтарда 09 сағат 26 минутта  ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданы, Москвина көшесі, 7-үйге  жоғары дәрежелі шақырту бойынша жіберілді. 
Алғашқы өрт есептері 5 минутта келгеннен кейін, 2 мың шаршы метр қызыл жалын шарпыған қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, қойма құрылымдарының опырылып құлауы орын алды. Өрттің дамуына  (пластикалық құбырлар, сантехникалық бұйымдар және т.б.) тауар материал құндылықтарының жоғары жанғыш тиелуіне байланысты 2000 ш. м. себеп болды.

Жеке құрам арасында зардап шеккендерді болдырмау үшін өрт сөндірушілер қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істеді.

Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, қоймаларды сөндіруге және көрші қоймаларды  қорғауға оқпандар енгізілді. ТМҚ-ны қоймалардан эвакуациялау ұйымдастырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары қойманың үлкен жүктемесімен, объектінде су көздерінің әлсіз қысымымен қиындады.

Осыған байланысты үздіксіз су беру қамтамасыз етілді: келген автоцистерналардан магистральдық желілер созылып, жақын маңдағы өрт су қоймасынан су алу ұйымдастырылды, Алматы Су техникасы, құтқару қызметінің 109 су тасығыштары іске қосылды.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 6-тармағына сәйкес объектінің басшысы объектінің аумағында өртке қарсы сумен жабдықтаудың тұрақты жұмыс істеуіне өзі жауапты екенін атап өткен жөн.
 
 * Өрт 12-42-де оқшауланып, 13-18-де жойылды.* * Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ* .* 
* Өрттің себебі*: анықталуда, өрт орнында анықтау тобы жұмыс істеуде. 

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары- 115 адам және 29 бірлік техника жұмылдырылды);
 Полиция Департаменті -39 адам л / с және 8 бірлік техника; 
Жедел жәрдем бригадасы -3 адам және 1 бірлік техника;
Медициналық  апаттар орталығы -3 адам және 1 бірлік техника), 
Газ қызметі (2 адам және 1 бірлік техника); 
Алматы-Су -6 адам және 4 бірлік техника;
АЖК -2 адам және 1 бірлік техника. 
"Комета" РМК МӨҚҚ -4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.