Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде газ балон жарылып бір адам қайтыс болды

Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде газ балон жарылып бір адам қайтыс болды

2023 жылғы 14  қаңтарда сағат 18.41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллон  жарылғаны, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны, оқиға орнында өрт орын алмағаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖМ бөлімгшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы анықталуда. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек көрсетуде.

Оқиға орнында әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда жеке басының деректері анықталуда.Өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орында ТЖ департаментінің қызметкерлері, жұмыс жүргізуде, құтқару техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ ТАҒЫ БІР МӘРТЕ ГАЗ БАЛЛОНДАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН ТАНЫСУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ!

Күнделікті өмірдегі газ қауіпсіздігінің негізгі ережелері:

- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;

- баллонды суықтан жылуға енгізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, өйткені күрт кеңейту болып, жарылысқа алып келуі мүмкін;

- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы));

- баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзын метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;

- газ құралдарын қосу ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;

- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;

- газ иісінің шығып таралып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтар тасып отты сөндірмеуін қадағалаңыз. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.

Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "101", "112"-телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыз!

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі