Құтқарушылар автобустардан 72 адамды эвакуациялады

Құтқарушылар автобустардан 72 адамды эвакуациялады

2023 жылғы 11 қаңтар күні «Самара-Шымкент» тас жолының 1153-ші шақырымында Ырғыз ауданынан 20 км жерде жолаушылар автобусы тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Автобуста 3 Қазақстан азаматы мен 38 Өзбекстан Республикасының азаматы болды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушылар Ырғыз ауылындағы орта мектепке орналастырылды.

Сондай-ақ, сол күні  Әйтеке би ауданында «Самара-Шымкент» тас жолының 968-ші шақырымында, Қарабұтақ кентінен 2 км жерде жолаушылар автобусы тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Автобуста барлығы 31 адам болды, олар Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушылар, Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырылды.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті азаматтарға ауа-райының өзгеруін қадағалауды, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысыныа шектеулер енгізу кезінде жолға шықпауды ұсынады.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі