Қарағанды қаласындағы оқиға бойынша жедел ақпарат

Қарағанды қаласындағы оқиға бойынша жедел ақпарат

10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды ​​қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 16 қабатты бір кіреберісті 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-ші қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты. 1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтерден құлап, медициналық мекемеге жатқызылды. Барлау кезінде үш адамның (екі ер адам мен бір әйел адам болуы мүмкін) мәйіті табылды. ТЖД күштерімен 48 адам (оның ішінде 9 бала) кіреберістегі пәтерлерден құтқару қалпақтарының көмегімен шығарылды және 82 адам (оның ішінде 21 бала) эвакуацияланды. Сағат 22:55-те өрт оқшауланды. Оқиға орнына ТЖМ 88 адамы мен 23 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Газ жарылысы расталмады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмады. Ешқандай қираулар немесе құрылымдық бұзылулар жоқ. Жылу жүйелері бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахтовкасы жұмылдырылды. Эвакуацияланған тұрғындар туыстарына және қаладағы қонақүйлерге орналастырылады. ТЖД психологтары14 тұрғынға психологиялық көмек көрсетті.

Тұрғындарды пәтерге қайтару мәселесі шешілуде.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі