Ұлытау облысында жоғалып кеткен адамдарды іздеуге ТЖМ авиациясы жұмылдырылды

Ұлытау облысында жоғалып кеткен адамдарды іздеуге ТЖМ авиациясы жұмылдырылды

Ұлытау ауданында ТЖ департаментінің, полиция департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен және құралдарымен жоғалған екі қойшыны іздеу жұмысы 8 тәулікке созылды.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында іздеу жұмыстарына ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Іздестіру жүргізілген бағыт Жезқазған қаласы - "Тоба" қыстағы және "Кіші Киік" қыстағы - Жезқазған қаласы.

Еске сала кетейік, 1964 жылы туған "Кіші Киік" қыстауының жұмысшысы 2022 жылдың 31 желтоқсанында қыстақтан белгісіз бағытта шыққан және оның орналасқан жері әлі белгісіз. Жоғалу туралы өтініш 2023 жылдың 2 қаңтарында келіп түсті, іздестіру жұмыстары 8 тәулік бойы жүргізілуде.

Сондай-ақ, 3 қаңтарда сағат 18:30-да "Тоба" қыстағының иесінен 1978 жылы туған қойшы мал іздеуге шығып, оралмады деген мәлімдеме түсті.

Екі адамды іздеу жұмыстары жалғасуда.

ТЖ департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!

Осыған байланысты, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі маңызды ережелерді еске саламыз;

- азаматтар автомобильдермен жолға шықпас бұрын ауа-райына және дауылды ескертулерге назар аударуы керек;

- жазғы доңғалақтарды қысқы доңғалақтарға ауыстырып, көлікте күрек пен балта, жылы заттар, сіріңкелер мен шамдар, азық-түлік пен жанар-жағармай қоры, құрал-саймандар жиынтығы мен сүйрету кабелі, алғашқы медициналық көмек қобдишасы және зарядталған ұялы телефон болуы қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы "112" бірыңғай нөміріне немесе "101"нөміріне қоңырау шалыңыз.

Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі