Ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардағы қалыптасқан жағдай бойынша ақпарат (2023 жылғы 9 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша)

Ауа райының нашарлауына байланысты тас жолдардағы қалыптасқан жағдай бойынша ақпарат (2023 жылғы 9 қаңтар сағат 09:00-дегі жағдай бойынша)

Ауа райының нашарлауына (боран, нашар көріну, көктайғақ) және жол төсемін тазартуға байланысты тас жолдардың 61 учаскесі жабылды, оның ішінде 26 республикалық маңызы бар.

Автокөліктердің жиналуы келесі өңірлерде байқалады:

1) Астана (8 бірлік):

​Астана-Щучинск-8 (жүк)

2) Ақтөбе облысы (30 бірлік):

​Ақтөбе-Қарабұтақ-30

​3) Абай облысы (85 бірлік):

Қалбатау ауылынан шығу-46

Көкпекті-Қалбатау-39

4) Павлодар облысы (20 бірлік):

Шідерті-Қарағанды-20

Елді мекендерден шыққан кезде барлығы 143 бірлік техника бар, тас жолдар ашылады деп күтілуде.

Өткен тәулікте 37 адам эвакуацияланды және құтқарылды, оның ішінде 

9 бала.