
27 желтоқсан күні сағат 01:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер дереу өрт орнына кетті. Сағат 01:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Күйікпен 1930 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды (15% 1-2 дәрежелі дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).
Өрттің алдын ала себебі - өртті абайсыз пайдалану.
ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін еске саламыз:
- Электр жүйесін, соның ішінде үлкендерін бір уақытта жүктемеңіз
- Қосылған электр және газ жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;
-Үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамаңыз;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі