ТЖМ курсанттары жылу-түтін камерасында қалай жаттығады

ТЖМ курсанттары жылу-түтін камерасында қалай жаттығады

ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының курсанттары жылу-түтін камерасында жаттығудан қалай өтетіні туралы бейнеролик әзірледі.

Жылу-түтін камерасы өртте кездесетін нақты жағдайларға жақын кәсіби дайындықты жүзеге асыруға көмектеседі. Бұл нақты өрт жағдайын имитациялайтын арнайы оқу-жаттығу кешені. Курсанттардың да, өңірлерде қызмет атқарып жүрген өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың да жаттығулары төзімділіктің жоғары деңгейін, физикалық жұмысқа қабілеттілікті және жоғары температураға бейімделуді дамыту үшін жүргізіледі.

Жаттығудың өзі бірнеше кезеңнен тұрады. Бұл тапсырмаларды орындамас бұрын бұлшықеттерді қыздырып алу керек.

Содан кейін өрт сөндірушілер жылу камерасына жіберіледі, онда оқу-жаттығу кешенінің снарядтары мен тренажерларында жаттығулар орындалады.

Жылу камерасындағы белсенді жаттығудан кейін курсанттар ең маңызды сынаққа көшеді, атап айтқанда өзгермелі орналасуы бар лабиринттерді, тұйық аймақтарды, имитациялық тұрғын бөлмені, сондай-ақ түтін генераторы мен дауыс зорайтқышты (зардап шеккендердің айқайы) имитациялайтын түтін камерасындағы газ-түтіннен қорғаушыларды жаттықтыру.

Газ-түтіннен қорғаушы қызмет буындарының алдында оқытушы жаттықтырушылардың орындауы және өтуі тиіс тапсырмалар мен маршруттарды таңдайды. Газ-түтіннен қорғаушы қызмет буындарына «өрт ошағын» табу, «өртті сөндіру» «зардап шеккен адамды     (маникен) іздеу» және оны таза ауаға шығару сияқты бірдей тапсырмалар беріледі.  

Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін буын жаттығу аймағынан шығады. Оқытушы тапсырманың орындалу уақытын белгілейді, сабақты қорытындылайды.

 

 

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі