Жетісу облысының Панфилов ауданында үш бала жанып жатқан үйден құтқарылды

Жетісу облысының Панфилов ауданында үш бала жанып жатқан үйден құтқарылды

2022 жылғы 7 желтоқсанда Жетісу облысы Панфилов ауданының Үлкен Шыған ауылында шамамен 21 сағат 40 минутта жеке тұрғын үйдің өртенуі орын алды. Өрт ТЖД қызметкерлерінің күшімен 22 сағат 22 минутта, 50 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Өрттің алғашқы куәгері, өртке қарсы қызметке өрт туралы хабарлап, өрт сөндірушілер келгенге дейін 2010, 2014 және 2018 жылдары туылған үш баланы өртенген үйдің балалар бөлмесінен шығарып, ұйықтап жатқан ата-анасын үйден эвакуациялауға көмектесіп, екі газ баллонын үйден шығарып, өртті өз бетінше сөндіруге кірісті. Зардап шеккендер жоқ.

Өткен түні құтқарылған балалардың қаһарманы, олардың көршісі азаматтық қорғау кіші сержанты Еркебұлан Тұрғанұлы Айтбаев, Жаркент қаласы 11-ӨСБ өрт сөндірушісі.

Өрттің шығуының алдын ала себебі - қатты отынмен жанатын пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Жетісу облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі