Азаматтық қорғау академиясында біліктілікті арттыру курстары басталды

Азаматтық қорғау академиясында біліктілікті арттыру курстары басталды

2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік департаменттердің Дағдарыс жағдайларында басқармалары бастықтарының біліктілігін арттырудың апталық курстары басталды.

Қызметкерлердің біліктілігін арттырудың негізгі мақсаты-күнделікті қызметтік қызметіндегі талаптарға сәйкес теориялық және практикалық білімді жаңарту.

Аталған курстарды өткізу үшін дәріскер ретінде Қазақстан Республикасы ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Ғарыштық техника және технологиялар институты» Жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестігінің қызметкерлері және Академияның профессор-оқытушылар құрамы тартылды.

 

Дағдарыстық жағдаларда басқару орталығы