Қарағанды облысында 56 жастағы шопан құтқарылды

Қарағанды облысында 56 жастағы шопан құтқарылды

3 желтоқсан күні сағат 19:30-да Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Осакаров ауданы Тельманское ауылының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1966 жылы туған ер адам таңертең мал іздеуге шығып, үйіне оралмаған.

Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД, полиция, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті тұрғындар қатарынан іздеу топтары жіберілді. 4 желтоқсанда жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Әуеден іздеу жұмыстары Тельман, Шоқай және Сарыөзек ауылдық округтерінің аумағында жүргізілді. 

4 желтоқсан күні түстен кейін жоғалған адам Сарыөзек ауылынан табылды. Ер адам қатты боранның салдарынан жолынан адасқан. Шамамен 60 км жүріп өтіп, ол ескі қараусыз қалған үйді паналап, сол жерде түнеген.  Ер адамда бәрі жақсы, жылы киінгенінің арқасында жан сақтаған екен. Медициналық көмек қажет болмады.

 

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі