ТЖМ адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті азайту бойынша нормаларды алдын ала талқыланады

ТЖМ адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті азайту бойынша нормаларды алдын ала талқыланады

2022 жылғы 15 желтоқсанда сағат 11-00-де ТЖМ адамдардың жаппай жиналатын объектілерді, тұрғын көппәтерлі ғимараттар мен биік ғимараттарды пайдалануға беру сатысында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды беру, объектілердің өртке қарсы қорғау ерекшелігін айқындайтын арнайы техникалық шарттарды қарау және өрт автоматикасы жүйелерін монтаждауды, баптауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарға біліктілік талаптарын белгілеу бойынша ТЖМ-ге өкілеттіктер беру жөнінде заңнамаға енгізі үшін ұсынылатын нормаларды алдын ала талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізуді жоспарлауда.

Жан-жақты қарап, бір ұстанымды қалыптастыру мақсатында аталған талқылау «Атамекен» ҰКП, мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен «zoom» режимінде өтеді (жауапты  ұйымдастырушылардың байл.тел. 60-09-73, 55-96-81).

Ұсынылатын нормалар пайдаланылатын объектілерде өрт болған жағдайда  адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті және материалдық шығынды азайтуға бағытталған.