«Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша ТЖМ екінші орынды иеленді

«Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша  ТЖМ екінші орынды иеленді

2-3 желтоқсанда Астана қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ қолдау кезінде «Qazaqstan Project Management Awards-2022» ІІІ ұлттық байқаудың жеңімпаздары жарияланды.

Байқаудың негізгі мақсаты - өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру.

Байқауға тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, квазимемлекеттік сектор және жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты.

«Жылдың үздік жобалық кеңсесі» номинациясы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі екінші орынға ие болды.

ТЖМ жобалық кеңсесінің жұмысына байқаудың ассессорлары мен қазылар алқасы жоғары баға берді. Жобаларды басқару жүйесін енгізу, жобалық менеджменттің тәсілдерін, қағидаттары мен құралдарын пайдалану ТЖМ-ге жобаларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді.

Командалық жұмыс есебінен ашықтықты қамтамасыз ету, нақты жоспарлау арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу, түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапкершілікті дербестендіру ТЖМ жобалық кеңсесінің серпінді және сенімді дамуына мүмкіндік береді.

 

ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті