Елордалық ТЖД құтқарушылары құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккей турнирінің чемпиондары атанды

Елордалық ТЖД құтқарушылары құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккей турнирінің чемпиондары атанды

Жеңіс Асқар Забикулинді еске алуға арналды

1-2 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құқық қорғау органдары арасында шайбалы хоккейден республикалық турнир өтті. Полиция департаменті мен СҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Астана қаласы, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары ТЖ департаменттерінің бір-бірімен күш сынасуға шешім қабылдады.

Турнирдің мақсаты-қызметкерлердің дене дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, хоккейді спорт түрі ретінде дамыту және насихаттау.

А.Винокуров атындағы спорт сарайында өткен іс-шараның салтанатты ашылуында турнир қонақтары мен қатысушыларына облыс әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі.

Матч басталар алдында қатысушылар өрт сөндіру барысында адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушісі Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, бірінші команданың пайдасына аяқталған СҚО ТЖД «Қорғау» және  «Арыстан» МҚКБ командаларының жекпе-жегінен басталды. Содан кейін Ақтөбе облысы ТЖД және Астана қаласы ТЖД командаларының матчы өтті, онда елордалық спортшылар жеңімпаз атанды. БҚО ТЖД командасы мен «Арыстан» арасындағы хоккей кортындағы жарыс МҚКБ өкілдерінің жеңісімен аяқталды. Полиция департаментінің «Динамо» командасы мен Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері арасындағы хоккей ойындары астаналықтардың жеңісімен аяқталса, ал СҚО ТЖД мен БҚО ТЖД командалары арасындағы ойында солтүстік қазақстандықтар жеңіске жетті. Турнирдің бірінші күні Ақтөбе облысы ТЖД және «Динамо» командаларының кездесуімен аяқталды, онда полиция департаментінің командасы жеңіске жетті.

Ойынның екінші күні таңертең кортқа Полиция департаментінің «Динамо» және елордалық ТЖД-ның «Құтқарушы» командалары шығып, астаналықтардың таза жеңісімен аяқталды. Бұдан әрі елордалық құтқарушылардың мұздағы «жекпе-жегі» СҚО ТЖ департаментінің «Қорғау» командасымен өтті, онда да «Құтқарушы» командасы жеңіске жетті.

Нәтижесінде жеңімпаздар кубогын Астана қаласы ТЖД командасы, екінші орынды СҚО ТЖД өкілдері, үшінші орынды СҚО полиция департаментінің командасы алды. Команданың әрбір қатысушысы естелік медальмен марапатталды, сондай-ақ «Үздік шабуылшы» (Евгений Гутяр, Астана қ.ТЖД), «Үздік қорғаушы» (Думан Жиенмурзин, СҚО ТЖД), «Үздік қорғаушы» (Әбілқайыр Сүлейменов, СҚО ПД) номинациялары бойынша марапаттау өткізілді.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде Астана қаласы ТЖ департаментінің бастықтары генерал-майор Қуанар Базарбаев пен СҚО ТЖД бастығы полковник Рамиль Камалов турнир жеңімпаздары мен қатысушыларын өткен спорт мерекесімен шын жүректен құттықтап, оны ведомство қызметкерлерінің жетістіктерінің тағы бір сатысы және өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын дәріптеудің және хоккейді насихаттаудың тамаша үлгісі ретінде сипаттады.