«Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

«Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы

2022 жылғы 24 қарашада елімізде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың жетекшісі ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі М. М. Күлдіков болып табылады.

«Қыс-2022» оқу-жаттығуы шеңберінде 2022 жылғы 25 қарашада республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.

«Қыс-2022» РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі