ТЖМ өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

ТЖМ өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Бүгін ауруханада жатқан өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды. Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек етті. Асқар Астана қаласында болған өрт кезінде адамдардың өмірін құтқару кезінде батырлық танытты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады.

Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие.

Асқардың әйелі мен екі баласы қалды.

ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан- жақты көмек көрсетеді.