Жеті адамды,оның ішінде үш баланы құтқаруда көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Қайрат Нұржаубаев мемлекеттік наградамен наградталды

Жеті адамды,оның ішінде үш баланы құтқаруда көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін Қайрат Нұржаубаев мемлекеттік наградамен наградталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №1073 Жарлығымен №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Қайрат Нұржаубаев «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.

16 қарашада Мемлекет басшысы Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу аясында 7 адамды, оның ішінде үш баланы құтқаруда көрсеткен батылдығы мен кәсіби шеберлігі үшін К.Нұржаубаевқа мемлекеттік награданы табыс етті.

Атап айтқанда, 2022 жылғы 12 қазанда сағат 15:14-те ТЖД-ға Алматы қаласы Наурызбай ауданында Жүнісов көшесінде орналасқан «Алматы Сити» тұрғын үй кешеніндегі 10-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру есептоптары келген кезде үй кіреберісінен қою түтін  шығып жатты, үшіншіден оныншы қабатқа дейінгі баспалдақ маршын да түтін басып, тұрғындарға эвакуациялау жолдары көрінбей қалды.

Жүргізілген барлаудан кейін бөлімше командирі жоғары температура және нашар көріну жағдайында әрекет ете отырып, «Драгер» аппараттарында газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Жүргізілген құтқару операциясы барысында Қайрат Нұржаубаев түтін басқан  көпқабатты үйден 6 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды.

Азаматтық қорғау аға сержанты Қайрат Нұржаубаев 23 ақпанда сағат 01:20-да Әуезов ауданының төртінші шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен кезде де ерекшеленгенін атап өткен жөн.

Құрамына Қ.Б. Нұржаубаев та бар өрт сөндіру бөлімшелері тар жолдар мен автокөліктерге толы  аулаларға қарамастан, өрт оқиғасы орынына қысқа мерзімде келіп жетті. Бірінші қабаттағы пәтерден түтін будақтап шығып жатты, металл есік мықтап жабылып тұрды, үйдің ішкі жағынан металл торы бар терезе арқылы ер адам көмек сұрап жатқаны естілді.

Өрт сөндіру бөлімшелері қатты түтіннің салдарынан кіреберіс тұрғындарын эвакуациялауға кірісті. Қ.Б. Нұржаубаев та авариялық-құтқару жұмыстарына дереу кірісті. Металл торды «Холматра» арнайы авариялық құралымен кесіп, пәтерге терезе саңылауы арқылы кіріп, зардап шеккен адамды таза ауаға шығарды. 51 жастағы ер адам аман-есен құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен жеті жыл ішінде Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Қайрат Нұржаубаев ондаған адамның өмірін құтқарды.

Ағымдағы жылдың 10 айында Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері барлығы 150 адамды құтқарып, 595 адамды эвакуациялады, авариялық - құтқару және шұғыл жұмыстарға 2568 рет шықты.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі