Қазавиақұтқару тікұшағы Орал қаласында саңырауқұлақ терушіні іздеуге жұмылдырылды

Қазавиақұтқару тікұшағы Орал қаласында саңырауқұлақ терушіні іздеуге жұмылдырылды

2022 жылдың 5 қарашасында таңертең 1949 жылы туған Орал қаласының тұрғыны саңырауқұлақтарды алу үшін орманға кетіп, оралмады.

Ағымдағы жылдың 6 қарашасында азаматтың туыстары жоғалған адамды іздеуде көмек сұрап Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.

Жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды - жалпы зерттелген ауданы 56 км2 және судағы ауданы 25 км құрады.

Сондай-ақ, іздестіру-құтқару жұмыстарына ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап құтқарушылар, полиция, еріктілер, жергілікті тұрғындар, орманшылар, әскери қызметкерлер қатысуда, олардың жалпы саны 325 адам және 41 бірлік техниканы құрады.

Осы уақытқа дейін іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді.

Туыстарының айтуынша, жоғалған адам алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілетінен айырылмаған. Сонымен қатар, онымен бірге ұялы телефонының болмағаны белгілі болды.

Қандай да бір ақпарат болған жағдайда "112" (бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет), 51-42-22 (БҚО ТЖД кезекші бөлімі) нөмірлері бойынша хабарлауды сұраймыз.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша 10 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Осыған байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары мен қонақтарын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

- қарттар мен балаларды орманға жалғыз жібермеңіз;

- орманға барған кезде туыстарыңыз бен достарыңызға маршрут пен үйге қайту уақытын айтыңыз;

- ұялы телефонды толық зарядтаңыз және балансыңызды толтырыңыз, ұялы телефоннан басқа, механикалық сағаттың болғаны жақсы;

- жарқын түсті киім киіп, сондай түсті киімдерді қосымша алып алыңыз;

- барлық қажетті заттар рюкзакыңызда болуы керек: ысқырық, сіріңке, компас, азық-түлік, су, алғашқы медициналық көмек қобдишасы, балта, қазанша, жәндіктерге қарсы репеллент, от жағуға арналған құрғақ спирт таблеткалары.

ҚР БҚО ТЖД баспасөз қызметі