ТЖМ басшысы бүгінгі күннің батыры Айдос Тоғызбаевтың жанұясына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді

ТЖМ басшысы бүгінгі күннің батыры Айдос Тоғызбаевтың жанұясына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші, марқұм Айдос Тоғызбаевтың отбасына қолдау көрсетіп,  3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйлағаны үшін «Азия Фирма» ЖШС бас директоры Сәуле Дускужановаға және облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Дускужановқа  алғысын білдірді.

«Өзімнің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Айдос Тоғызбаевтың отбасына тұрғын үй сатып алуға қолдау көрсетіп, баға жетпес көңіл мен жылулық сыйлағаныңыз, уақтылы және қажетті көмек үшін шексіз алғысымды білдіремін. Әрқашан көмекке келуге дайын сіз сияқты адамдардың бары екенін білу ғанибет», - деп Юрий Ильин өз алғыс хатында атап өтті.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі