ТЖ министрі мен Қарағанды облысының әкімі Ленин атындағы шахтадағы жағдайға түсініктеме берді

ТЖ министрі мен Қарағанды облысының әкімі Ленин атындағы шахтадағы жағдайға түсініктеме берді

ТЖ министрі Юрий Ильин басшылық еткен Қарағанды облысындағы шахтадағы аварияның себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия өзінің алғашқы жұмыс кеңесін өткізді.

ТЖ министрі Юрий Ильин мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте сөз сөйледі. Олар қаза тапқан шахта жұмысшыларының отбасыларына көңіл айтты.

Қазіргі уақытта шахтада апат салдарынан болған өрт жойылды, бірақ түтін әлі бар. «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС бөлімшелері шахта ішіндегі барлау және желдету жұмыстарын жүргізуде. Комиссия барлық барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана оқиға болған жерді тексеруге кірісе алады.

Бұгінде комиссия метанның шығуы, содан кейін гүрсіл мен өрт пайда болды деген қорытындыға келді.

Апаттың себептерін тергеуге тәуелсіз сарапшылар тартылатын болады.

Қазіргі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» КД барлық шахталарының жұмысы қосымша нұсқама жүргізу, учаскелерді тексеру және шахтаға түсетін қызметкерлердің сынақтарын қабылдау үшін бір тәулікке тоқтатылды.

2022 жылдың маусымында Ленин шахтасында жүргізілген соңғы тексеру бүгін түнде апат болған кенжардағы метанның бөлінуіне байланысты бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

Апат туралы ақпарат кенжардағы қызметкерлерден келіп түсті. Апат кезінде кенжарда шамамен 850 метр тереңдікте 106 адам болған. Төрт адам жарақат алып, медициналық мекемелерге жатқызылды.

Қаза тапқан бес қызметкердің денесі " КӘАҚҚ РОШ" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқару күштерімен жер бетіне көтерілді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі