«Қазавиақұтқару» АҚ ұшқышы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

«Қазавиақұтқару» АҚ ұшқышы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазавиақұтқару ұшқышы Марат Ахметқазыұлы Қаушенов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Кәушенов Марат Ахметзақиұлының азаматтық авиация саласында үлкен тәжірибесі бар. Ми-8Т/МТВ/АМТ, Ми-171Е тікұшақтарын дербес пайдалануға рұқсаты бар. Ми-8 тікұшағымен іздестіру-құтқару қамтамасыз ету бойынша, ТЖМ міндеттері бойынша, жету қиын аудандарда өрттерді сөндіру бойынша, санитарлық міндеттерді орындау бойынша, ТЖМ және басқа ұйымдардың өтінімдері бойынша жүктерді, жолаушыларды тасымалдау бойынша ұшуларды орындайды.

2021 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысының Өгем шатқалы ауданында нөсерлі жаңбыр кезінде шектеулі кеңістік жағдайында шатқалда 3 студент лебедканың көмегімен тікұшақ бортына көтеріліп, құтқарылды. 2021 жылдың қыркүйегінде Алматы облысы, Проходная өзенінің бассейні ауданында 3000 метр биіктікте қатты жел кезінде метеорологиялық қиын жағдайда туристі лебедканың көмегімен бортқа көтере отырып, аяғы сынған күйінде құтқарды. 2021 жылдың көктемінде Каспий теңізінің жағасында, 2021 жылдың жазында Алматы облысының Медеу ауданында тікұшақтың су төгетін құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіруге қатысты.

Алматы, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында селдердің алдын алу үшін «Қазселденқорғау» РМК өтінімдері бойынша биіктігі 3500 метрге дейінгі тауларға ұшуды тұрақты орындайды.

Нұсқаушы-ұшқыш ретінде биіктігі 2000-нан 3500 метрге дейінгі тауларға Ми-8 әуе кемесінің төрт командирін; сыртқы аспада жүктерді тасымалдауға бір нұсқаушы-ұшқышты және Ми-8 ӘК командирлерін жету қиын аудандарда өрттерді сөндіру кезінде су төгетін құрылғыны қолдануға дайындады.

 ТЖМ баспасөз қызметі