Ақмолалық спортшылар Анастасия Хорошева мен Юлия Сыромяжко жауынгерлік қанат жаюдан әлем чемпиондары атанды

Ақмолалық спортшылар Анастасия Хорошева мен Юлия Сыромяжко жауынгерлік қанат жаюдан әлем чемпиондары атанды

Өзбекстанда ерлер арасындағы өрт-құтқару спортынан 17-ші әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы 8-ші әлем чемпионаты аяқталды. Авариялық-құтқару жасағының құтқарушысы Сыромяжко Юлия және Степногорск қаласы ТЖБ инженері Хорошева Анастасия жауынгерлік қанат жаюдан әлем чемпиондары атанды, - деп Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының әйелдер ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесін алып, жалпы командалық үшінші орынды, өрт эстафетасы сынағынан үшінші орынды иеленді.

Бүгін Көкшетауға келген спортшыларымызды Ақмола облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері салтанатты түрде қарсы алды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

         Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі