ҚР ТЖ министрі өңірлік ерте құлақтандыру жүйесін құруды ұсынды

ҚР ТЖ министрі өңірлік ерте құлақтандыру жүйесін құруды ұсынды

Душанбеде Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволары басшыларының кеңесі өтуде.

Қазақстандық делегацияны ТЖ министрі Юрий Ильин басқарады.

Айта кету керек, Орталық Азия өңірі ТЖ-ның барлық дерлік түрлеріне бейім, олардың көпшілігі трансшекаралық сипатта болады.

Кездесуде Ю. Ильин ТЖ қаупі және туындауы туралы ерте құлақтандыру мен өзара хабарлаудың өңірлік жүйесін құру жөнінде ұсыныс жасады.

Мәселенің өзектілігін Орталық Азия елдерінің төтенше ден қою ведомстволары растады.

Қазақстандық тараптың ұсынысы шеңберінде сейсмикалық датчиктерді ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдеріндегі қолданыстағы ТЖ мониторингі жүйелерінің метеорологиялық, гидрологиялық және басқа датчиктерін интеграциялау жоспарлануда.

Бұл бастама сейсмикалық, сел, көшкін, сырғыма қаупі жоғары жергілікті жерлерде ТЖ туралы ерте хабарлауға мүмкіндік береді.

Министрлер кездесуінде ұсынылған мәліметтерге сәйкес, Орталық Азия климаттың өзгеруінің қолайсыз салдарымен күресте үлкен қауіп-қатерлерге тап болуда. Климаттың өзгеруінің сумен байланысты апаттарға әсері негізгі қауіптердің бірі болып танылды. Мәселен, температураның төмендеуі байқалады, бұл мұздықтардың еруіне және мұздық көлдердің пайда болуына әкеледі.

Аймақтағы мұздықтар көлемінің қысқаруының қазіргі қарқыны жылына 0,2-1% құрайды. Бұл факторлар су тасқыны қаупін тудырады. Бұл ретте, жер сілкінісі, сырғымалар, сел, қар көшкіні, техногендік сипаттағы тәуекелдер және т. б. сияқты тәуекелдерге көбірек көңіл бөлінеді.

«Тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз етуде заманауи тәсілдерді енгізу мәселелерінде халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастыққа үлкен мән бере отырып, біз өңір елдеріндегі әріптестерімізбен екіжақты және көпжақты негізде тығыз және практикалық өзара іс-қимылға ерекше назар аударамыз», - деп Ю.Ильин атап өтті.

Кеңес аясында Ю.Ильиннің БҰҰ Еуропа мен Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту жөніндегі басқармасының Өңірлік кеңсесінің басшысы Октавин Биволмен және БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясинмен, Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайларды басқару агенттігінің Вице-Президенті Исмаил Палакоглумен екіжақты кездесулері өтті, онда ТЖ алдын алу және жою ісіндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі