Жедел ақпарат

Жедел ақпарат

25 қыркүйек күні таңертең жедел кезекшінің пультіне «Бурабай» МҰТП аумағындағы «Көкшетау» тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті.

Нақтыланған мәліметтер бойынша өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері белгіленіп жатыр.

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және «Бурабай» МҰТП жеке құрамының 70-тен астам адамы жұмылдырылды, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кірісті.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша тұтануды жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды, ол да жану орнына бет алды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі