ТЖ министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

ТЖ министрі Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

2022 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

Жұмыс сапары барысында Министр қала тұрғындарымен кездесіп, ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, ТЖ алдын алу және қызметкерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты өзекті сауалдарға жауап берді.

«Жыл басынан бері Алматы қаласының бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 1 900-ден астам рет шықты, шамамен 450 адам құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖ саны 10% - ға, қаза болғандар саны 23% - ға азайды», - деп атап өтті министр өз сөзінде.       

Сонымен қатар, Юрий Ильин өрт қауіпті кезеңнің өтуі, сел және көшкін жағдайы, жер сілкінісі кезінде ерте хабарлау жүйесін енгізу, жылыту маусымы қарсаңында алдын алу мәселелерін қозғады.   

Есеп беру кездесуі аясында министр бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, алда тұрған міндеттерді шешу туралы айтты.

Одан кейін Министр ТЖ-ның алдын алу және олдарды жою саласына қатысты мәселелер бойынша жүгінген азаматтарды жеке қабылдады.

 

 

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі