Юрий Ильин: азаматтық қорғау органдарының жүйесін дамыту перспективалары туралы

Юрий Ильин: азаматтық қорғау органдарының жүйесін дамыту перспективалары туралы

Алматы халқымен кездесу барысында ТЖ министрі Юрий Ильин  азаматтық қорғау органдарының жүйесін дамыту перспективаларына тоқталды.

Айта кетсек, бұл өрт сөндіру бөлімшелерін жабдықтау. Алматы қаласы бойынша 20 өрт сөндіру бөлімшесі қорғауды жүзеге асырады.

Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары шеңберінде өрт сөндіру депосын салу, құлақтандыру жүйесін қосымша жарақтандыру (жергілікті бюджет) көзделген.

Жарақта әртүрлі мақсаттағы 167 бірлік техника бар (жарақталуы 68,7%-ды  құрайды, негізгі – 81 бірлік, арнайы – 37, қосалқы-49, қажеттілік – 85).

Ағымдағы жылы 6 бірлік техника сатып алынды, жыл соңына дейін 8 бірлік техника сатып алу жоспарлануда.

Министр әлеуметтік тұрғыдан алғанда біздің қызметкерлеріміз аз қорғалған, бұл тұрғын үй төлемдерінің, орын ауыстыру кезінде көтерме жәрдемақылардың болмауы және қызметкерлердің қызмет бабында жоғарлауы, үстемеақылар жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған жағдайдағы жұмысы үшін және басқалар.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту және Министрлік бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты бастады.

Юрий Ильин өз баяндамасының соңында азаматтарға шетте қалмай Президент сайлауына белсенді қатысып,  өз азаматтық ұстанымын білдіріңіздер деді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі