Алматы халқымен кездесу барысында Юрий Ильин азаматтарды таулы жерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді

Алматы халқымен кездесу барысында Юрий Ильин азаматтарды таулы жерде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді

Қыста алматылықтардың да, қонақтардың да сүйікті демалыс орны Медеу және Шымбұлақ болып табылады.

Алайда, рұқсат етілген жерлерден тыс жерлерде шаңғымен және сноубордпен жиі жүру қар көшкінін тудырады.

Жыл басында қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан таулы жерлерде бір адам зардап шекті, екеуі қайтыс болды.

Алматы аймағы бойынша барлығы көшкін қаупі бар 160 учаске деп белігленген, оның 18-і ерекше қауіпті.

Биылғы жылы көшкінді алдын ала түсіру жұмыстары 26 рет жүргізілді.  25 ақпараттық стенд орнатылды, Медеу-Шымбұлақ баурайында төрт жүзден астам қар ұстайтын қалқан орнатылды. Осыған қарамастан, олардың саны жеткіліксіз.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға қыс маусымы басталар алдында көшкіннен қорғау құрылыстарын қосымша орнату қажеттігін айтқым келеді.

«Қазір халық арасында жаяу туризм өте танымал, ал Үлкен Алматы шатқалы, Бутаковка шатқалы және Көк жайлау шатқалы ең танымал болып табылады.

Көбінесе, жаяу туристер тауға дайын емес және маршруты жазылған парақтарсыз кетіп, төтенше жағдайға тап болып жатады», - деп Министр атап өтті.

Юрий Ильин осы жылдың өзінде республикалық жедел-құтқару жасағы 140-тан астам жедел шығу жүргізгенін, оның ішінде тауда іздеу жұмыстарына 22 рет шыққанын айтты. Нәтижесінде 42 адам, оның ішінде 15 бала құтқарылды, таулы жерлерде - 17 адам, үш бала.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Министрлік туристік қызмет көрсететін ұйымдардың аумақтық бөлімшелерін баратын объектілеріне қарамастан туристер мен туристік топтардың маршруттары, яғни таулы жер, су орындары және басқалары туралы міндетті түрде ақпараттандыруға бастамашылық жасады. Аталған заң жобасы мемлекеттік органдарға келісуге жолданды.

ТЖ министрі Юрий Ильин таулы Алматы қаласының халқына қабылданып жатқан таулы жерлердегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат бере отырып, қауіпті жерлерде орнатылған тыйым салынған белгілерді назардан тыс қалдырмауға, сақтық шараларын сақтауға кеңес берді. Тауға аттанған туризмге әуес қауымның өзімен бірге қосалқы киімдері, тапсыратын құралдары болуы қажет, сондай-ақ міндетті түрде туыстары мен жақындарына болжамды бағыт туралы хабарлау қажет.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі