ТЖ министрі: көшкін қаупі бар, оның ішінде Іле-Алатау паркінің аумағында орналасқан учаскелердің саны азайтылды

ТЖ министрі: көшкін қаупі бар, оның ішінде Іле-Алатау паркінің аумағында орналасқан учаскелердің саны азайтылды

Қала халқын селден қорғау үшін Ақсай және Аюсай шатқалдарында селді тоқтататын бөгеттер құрылысы жүзеге асырылуда.

Алматы тау бөктерінде барлығы 50-ден астам мұздақ және мұздық көлдер бар.

Сел және сырғыма жағдайын бағалау үшін Қазселқорғау бөлімшелері алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Атап айтқанда, жыл бойы бақылау жүргізіледі, маусымдық бекеттер қойылады, жерүсті және аэровизуалды тексерулер, сондай-ақ көшкін учаскелерін нығайту және серпінді қауіпті көлдерді босату бойынша жұмыстар жүргізіледі. Барлығы 3 миллионнан астам текше метр су сорылды.

«Қабылданып жатқан шаралар көшкін қаупі бар учаскелердің санын 80-нен 68-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді, олардың 7-еуі Іле-Алатау паркінің аумағында орналасқан.

Өткен жылы Үлкен және Кіші Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бассейндерінде 31 сел қаупін автоматтандырылған мониторингілеу станциясы орнатылды, бұл қауіпті учаскелерді нақты уақыт режимінде қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді», - деп Юрий Ильин Алматы халқымен кездесу барысында атап өтті.

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру шеңберінде 2023 жылға дейін Кіші Алматы, Тіксай, Есентай өзендерінің арнасын реконструкциялау аяқталды, Жарбұлақ өзені бойынша жұмыстар жалғасуда.

Әкімдік қаланың әр жеріндегі арық желісін реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде. Бұл тұрғын үйлерді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі