6 қыркүйекте Катонқарағай ауданында, Алтынбел ауылынан 8 шақырым жерде, "Большенарым орман шаруашылығы" КММ, Ново-Березовка орманшылығының аумағында орман аймағында алдын ала болжам бойынша 40 Га алаңда құрғақ шөп, бұта өртенді.
Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, полиция қызметкерлерінен 60-тан астам адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
7 қыркүйек күні таңертең қосымша орман шаруашылығының 30 қызметкері көмекке жіберілді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі