Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 5 қыркүйек сағат 18.00-гі жедел ақпарат

Қостанай облысындағы  табиғи өрт бойынша 5 қыркүйек сағат 18.00-гі жедел ақпарат

Өрт сөндіру орман аймағындағы 5 учаскеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бжәне Калинино ауылдары ауданында) жүргізілуде (жиегінің жалпы ұзындығы 5 км). Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.
Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
11 адам (халықтың 6 адамы, оның ішінде бір кәмелетке толмаған адам, орман шаруашылығының 1 қызметкері, әкімдіктің 1 қызметкері, ТЖМ 3 қызметкері) жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат, күйік, улану алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.
Суағар құрылғылары үшін тікұшақтармен су алу табиғи су қоймасынан 25 км қашықтықта жүргізіледі, өрт сөндіру басталған сәттен бастап 109 су ағызу жүргізілді.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 5.09.2022 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура 31 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 7 м/с дейін жетеді.
4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 га.
ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды. ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түсті. Әулиекөл ауданының эвакопунктінде жеті психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетеді. Консультативтік көмек 57 адамға көрсетілді және топтық жұмыс форматымен 45 бала қамтылды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына және Қостанай облысы әкімінің жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешіміне қол қойылды.
Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

 

ҚР ТЖМ жедел штабы