Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 4 қыркүйек сағат 21.00 жедел ақпарат

Қостанай облысындағы табиғи өрт бойынша 4 қыркүйек сағат 21.00 жедел ақпарат

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 га.

Өртті сөндіруге 196 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 1526 адамы жұмылдырылды: ТЖМ - 58 бірлік техника, жеке құрамның 359 адамы, суағар құрылғылары бар 4 тікұшақ (Нұр-Сұлтан қ., Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.)); ІІМ-жеке құрамнан 700 адам, 61 бірлік техника; Қорғаныс министрлігі - жеке құрамнан 169 адам, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ; Орман шаруашылығы-36 бірлік техника, 137 адам орман күзеті; "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-17 адам, 3 бірлік техника, 1 әуе кемесі; ЖАО - 38 бірл. жеке құрамның 123 адамы; "ҚТЖ" АҚ - 5 өрт сөндіру пойызы (21 адам).

Суағар құрылғылары үшін тікұшақтармен су алу табиғи су айдынынан 25 км қашықтықта жүргізіледі. Өртті сөндіру басталғаннан бері 93 рет су ағызылды.

Озерное а. (250 адам), Аманқарағай а. солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино а. (228 адам) және Лесное а. (363 адам) 1841 адам эвакуацияланды.

Жергілікті атқарушы органдармен эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыру ұйымдастырылды, 20.00-де эвакуациялық пункттерде 66 адам бар, қалғандары өз үйлеріне оралып, туысқандарына орналастырылды.

ТЖМ жедел желісі ашылды, ТЖМ  және Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.

ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 30 қоңырау келіп түсті.  Сондай-ақ Қостанай облысы ТЖД 2 психологы, Қостанай облысы ПД 3 психологы және Сарыарқа Автотром ЖШС 3 психологы Әулиекөл ауданының эвакопунктінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетеді.

Новонеженка а. ҚР ТЖМ 52859 ә/б күшімен зардап шеккен халықты қабылдау үшін шатырлар тігілді.

10 адам жарақат, күйік алды, жеңіл және орташа ауырлықтағы уланды ( бір кәмелетке толмаған адамды қоса алғанда, 5 адам,1 орман шаруашылығының қызметкері, 1 әкімдік қызметкері, 3 ТЖМ қызметкері), үйлеріне жіберілді.  

3 қыркүйек сағат 16.00-ден бастап Озерное ауылындағы тұрғын үй құрылыстарына (8 тұрғын үй, 1 әкімшілік ғимарат), Лесное а. (1 тұрғын үй), Аманқарағай а. (98 тұрғын үй және шаруашылық құрылыстар), Аманқарағай мұнай базасының аумағына өрттің көшуі тіркелді.  Нәтижесінде отпен 108 құрылыс жойылып, зақымданды.

Сағат 20.00-де Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары ауданындағы 4 учаскеде, сондай-ақ орман аймағында өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша 4 қыркүйекте Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағында жоғары температура 28 градусқа дейін сақталады, желдің жылдамдығы 9 м/с дейін жетеді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында су ағызу құрылғылары бар ҚР ҚМ 3 әуе кемесі дайындықта тұр.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттарының бастамасы бойынша зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін колонна құрылды.

ҚР ТЖМ жедел штабы