3 қыркүйек күні метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасының 36 градусқа, желдің жылдамдығы 28 метрге дейін көтеріліп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты. Орман алқабының жалпы ауданы 40 000 га.
Өртті сөндіруге 32 бірлік техника мен күш жұмылдырылды, оның ішінде 3 әуе кемесі, 3 өрт сөндіру поезы, жеке құрамның 235 адамы: ТЖМ - 14 бірлік техника, жеке құрамның 61 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ; ІІМ - жеке құрамның 33 адамы; Қорғаныс Министрлігі - жеке құрамның 20 адамы; Орман шаруашылығы - 32 бірлік техникасы, жеке құрамның 83 адамы; «Қазавиаорманқорған» РМҚК - 12 адам, 2 бірлік техникасы,1 әуе кемесі; ЖАО - 3 бірлік техникасы, жеке құрамның 20 адамы; «ҚТЖ» АҚ - 4 өрт сөндіру пойызы (21 адам).
Су ағызу құрылғылары үшін суды 25 км қашықтықта орналасқан табиғи су қоймасынан алуда. Өртті сөндіруге 21 рет суды шашу жүргізілді.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Қостанай облысында жоғары температура 38 градусқа дейін, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін сақталады.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Ю.В. Ильин әуе барлауын өткізді.
Шоғырланған күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді.
Аманқарағай және Новонежинка елді мекендерін қорғауда. Озерное ауылынан (250 адам) және Аманқарағай ауылынан солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино ауылынан (228 адам), Лесное ауылынан (363 адам) жалпы барлығы 1841 адам эвакуацияланды.
Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды.
Жедел желі ашылды, ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.
Қостанай облысының әкімдігі жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау мәселесін пысықтауда.
Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес «Азаматтық қорғау туралы» азаматтардың табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде алынған зиянды (нұқсанды) өтетуге құқығы бар.
Озерное ауылында 8 тұрғын үйі өртенуде. Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру автомобильдері мен 8 су тасымалдаушысы бар көлік жұмылдырылуда.
Сағат 18.05-те 30 тұрғын үйі бар Аманқарағай ауылы және жақын маңдағы мұнай базасының әкімшілік ғимаратына өрттің өтуі туралы ақпарат келіп түсті. Сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін 100 км ұзақтықта Республикалық маңызы бар Р-36 автожолын жабу туралы шешім қабылданды.
Қостанай облысына Нұр-сұлтан қаласының ТЖД жеке құрамынан 15 автоцистерна, 2 Вахтовка, 1 қызметтік автомобиль 98 жеке құрам шықты.
22 сағат 00 минуттың жағдайы бойынша Әулиекөл ауылына Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарының 9 бірлік техникасы тобы мен жеке құрамнан 50 адам келді.
СҚО ТЖД жеке құрамнан 6 бірлік техника, 50 адам. Қосымша 2 өрт сөндіру пойызы тартылды.
Атабасар және Новоишимка ауылдарынан.
21 сағат 00 минуттан бастап №51 (Челкашы станциясы) және №82 (Қазанбасы станциясы) 2 жолаушылар поезы тоқтады.
ҚР ТЖМ жедел штабы