РЖҚЖ құтқарушылары пәтерде қамалған әйел адамдарды құтқарды

РЖҚЖ құтқарушылары пәтерде қамалған әйел адамдарды құтқарды

2022 жылғы 17 тамызда түнде анасы мен қызы құлыптағы ақау салдарынан өз пәтерінің есігін аша алмай, көршісінен көмек сұрады. Көршісі оларға құтқарушыларды шақырған.

Сағат 21.25-те құрамында 4 құтқарушы бар РЖҚЖ жедел тобы шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, құтқару жұмыстарын бастады. Әйел адамдар  үйінде қорқып отырды. Бірақ құтқарушылар оларға құтқарылуға деген үміт пен сенім сезімін оятты. Бір құтқарушы есікті сыртынан ашып жатқанда, басқа құтқарушылар үйдің төбесінен терезе арқылы кірген. Құтқарушылар жарты сағат ішінде 1946 жылы туған анасын және 1979 жылы туған қызын пәтерден аман-есен құтқарды. Құтқарылған адамдарға барлық қажетті және психологиялық көмек көрсетілді.

 

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ»ММ баспасөз қызметі