Теміртау қаласында газ-ауа қоспасының тұтануы туралы ақпарат

Теміртау қаласында газ-ауа қоспасының тұтануы туралы ақпарат

16 тамызда сағат 12-08-де Теміртау қ., Металургов даңғылы, 5/2 үй, 5 қабатты, 4 кіреберісті, 80 пәтерлі тұрғын үйде, №2 кіреберістің 3-ші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан пәтерлер арасында бөлмеаралық қабырғалары мен пәтер аралық қабырғалар құлап, кейіннен жабын плиталары құлады. Жарылыс салдарынан 12 пәтердің терезелері мен кіру есіктері жартылай қираған. Кіреберістің барлық тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды. 4 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Медециналық көмектен соң 3 адам үйлеріне жіберілді, 1989 жылы туған үй иесі ауруханада тексеруден өтуде. Жалпы 53 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Қираған конструкцияларды тазалау жұмыстары жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдардың  күшімен 2-ші кіреберістің тұрғындарын орналастыру мәселесі пысықталуда, 4 отбасы уақытша тұрғын үйге мұқтаж, қалғандары туыстарына орналастырылады.

Оқиға орнында Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің 25 қызметкері мен 10 техникасы жұмыс істеуде.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызметтер бар.  Жедел штаб құрылды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі