Елордада ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Елордада ТЖД бастығының орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болып полковник Алдабеков Дастан Жиреншеұлы тағайындалды.

15 тамызда ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов жеке құрамға елордалық ТЖ департаментінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Дастан Жиреншеұлы Алдабеков 1982 жылы 21 сәуірде Ресей Федерациясының Омбы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаматтық қорғау органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарады.

Өзінің еңбек қызметін Астана қ. №8 өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан бастады, әр жылдары әртүрлі лауазымдарда: қарауыл бастығы, өрт сөндіру бөлімінің орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, КҚЖБО аға диспетчері, Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді. Соңғы атқарған қызметі ҚР ТЖМ ТЖ жою департаменті авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы.

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметтік қызметіндегі жақсы көрсеткіштері, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін полковник Д.Ж. Алдабеков Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресей Төтенше ведомстволарының медальдарымен марапатталған.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі