Төтенше жағдайлар министрі Рудный қаласына барды

Төтенше жағдайлар министрі Рудный қаласына барды

Ірі индустриялық объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығын назарға ала отырып, ҚР ТЖ министрі кеншілер қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады.

Соколов карьерінің байқау алаңында «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ президенті В.Гриненко «Индустрия 4.0» технология элементтерін енгізуге кіріскен кәсіпорынның даму стратегиясын таныстырды. Өндірістік процесті толық автоматтандырудың арқасында Қашар карьеріндегі өнімділікті арттыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмыс процесінің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік туған.

ТЖМ басшысы «Жас-Қанат 2006» ЖШС цехтарында болып, құс фабрикасындағы заманауи өндірістік процестерді автоматтандыру және цифрландырумен, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен танысты.

Сонымен қатар министр «ССКӨБ» АҚ кадрларды даярлау оқу орталығында болды. Орталық өндірісті білікті кадрлармен қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жұмыстарымен айналысады. Орталықтың оқу сыныптарында, соның ішінде виртуалды оқыту кабинеттерінде кадрларды даярлаудағы жаңа бағыттармен, бірлестік мамандары әзірлеген оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен таныстырды.

Жұмыс сапарының соңында Юрий Ильин Рудный қаласы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болды.       Қаруландырудағы техника мен жабдықтарды пайдалану жағдайларымен танысты. Жауынгерлік кезекшіліктегі бөлімшенің жеке құрамымен кездесті.

Министрге қалалық жағажай құрылысының 2 жылдық жобасын іске асыру барысы, сондай-ақ Рудный қаласы жаңа өрт сөндіру депосының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу туралы баяндалды.

 

 Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы